ШИЕЛІДЕ МҰҒАЛІМДЕР ҰЖЫМ БОЛЫП ДАУЫС БЕРУДЕ
Шиелі ауданындағы ұстаздар сайлау учаскесіне ұжым болып келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады. Ел өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысқан мұғалімдер азаматтық жауапкершіліктің маңызын атап өтті.–Біз үшін әрбір сайлау – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдайтын сәт. Сондықтан ұжым болып дауыс беріп, өз азаматтық таңдауымызды жасауды жөн көрдік. Елдің ертеңі әрқайсымыздың белсенділігімізге байланысты, – деді аудан мұғалімдерінің бірі.
Ұстаздардың айтуынша, дауыс беру – азаматтық міндет қана емес, ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Шиеліде сайлау үдерісі белгіленген тәртіппен жалғасып, тұрғындардың дауыс беруге белсенділігі жоғары деңгейде.







