Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЕМІРЖОЛШЫЛАР БІР МЕЗЕТТЕ ДАУЫС БЕРДІ

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР БІР МЕЗЕТТЕ ДАУЫС БЕРДІ

Шиелі ауданындағы теміржол саласының қызметкерлері бір мезетте сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады.
Ұйымшылдық танытқан теміржолшылар ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсене қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Бір ұжым болып дауыс берген теміржолшылар өз таңдауын жасау арқылы ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосты.
Шиелі ауданында дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіппен жалғасуда.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 тамыз 2026 ж. 41 0