ӨНДІРІС МАМАНДАРЫ БІРЛІКТІ КӨРСЕТІП, ЕЛ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Шиелі ауданындағы өндіріс орындарының мамандары бірдей арнайы киіммен сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Еңбек ұжымының ұйымшылдығын танытқан өндіріс мамандары ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Ел болашағы үшін әр дауыс маңызды. Әр азаматтың таңдауы – қоғамның дамуына қосылған үлес.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі






