«АЛТЫН ДӘН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ДАУЫС БЕРДІ
Иіркөл ауылдық округіндегі №278 сайлау учаскесіне «Алтын Дән» шаруа қожалығының ұжымы келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады. Шаруа қожалық қызметкерлері ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.Ұжым мүшелері ұйымшылдық танытып, өз дауыстарын беріп, ел болашағына қатысты маңызды таңдауға өз үлестерін қосты.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі









