Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Шиелі ауданындағы Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады. Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдай кезінде халықтың өмірі мен мүлкін қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген өрт сөндірушілер сайлау учаскесіне келіп, азаматтық міндеттерін орындады.
Өрт сөндірушілер ұйымшылдық танытып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсене қатысып, өз дауыстарын берді. Құтқару қызметінің мамандары үшін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қаншалықты маңызды болса, ел болашағына қатысты азаматтық таңдау жасау да соншалықты маңызды. Шиелі ауданында дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіппен жалғасуда. Тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 тамыз 2026 ж. 48 0