Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІЛІК ВОЛЕЙБОЛ ҚҰРАМАСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

ШИЕЛІЛІК ВОЛЕЙБОЛ ҚҰРАМАСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Шиелі ауданынан жасақталған волейбол құрамасының мүшелері Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады. Спортшылар сайлау учаскесіне бірге келіп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Айта кетейік, шиелілік волейболшылар облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындардан көрініп жүрген жеңімпаз спортшылар. Жарыстарда аудан намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылар сайлауға қатысу арқылы да азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 тамыз 2026 ж. 34 0