Өнермен өрнектелген кеш
Шиеліде әсем ән мен күмбірлеген күйге толы мерекелік концерт өтті. Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңда аудан тұрғындары үшін «Қасиетті, киелім, мақтанышым, Шиелім!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.Кештің өтуіне ел көлемінде 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңындағы қоғамдық шаралар және аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру түрткі болды.
Мерекелік кеште ауданның өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары сахнаға шығып, көрерменге ән мен күйден құралған концерттік бағдарлама ұсынды. Әуезді әндер мен күмбірлеген күйлер, әсерлі өнер көрсетілімдері кештің ажарын аша түсті.
Алаңға жиналған аудан тұрғындары өнерпаздардың өнерін ықыласпен тамашалап, қошеметтерін білдірді. Ашық аспан астындағы мәдени шара көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, тұрғындардың рухани тынығуына мүмкіндік берді.
Өнермен өрнектелген кеш Шиелі жұртшылығына жақсы көңіл күй сыйлап, мазмұнды демалыстың жарқын сәттерінің біріне айналды.







