Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

«Семізбай-U» ЖШС-ның құрылғанына 20 жылдық мерейтойы бейсенбі күні кешке ауданның орталық алаңында жалғасты.
Мерекелік кеште аудан әкімі Айтбай ­Жандарбеков сөз сөйлеп, «Semizbay-U» ЖШС-ның ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан үлесін атап өтті. Сонымен қатар серіктестіктің қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген еңбек ұжымына алғысын білдіріп, мерейтой иелеріне толағай табыс, тұрақты даму және жаңа жетістіктер тіледі.
Сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков пен «Semizbay-U» ЖШС бас директоры Біржан Сатанов аудан тұрғындарына ризашылықтарын білдіріп, серіктестіктің қалыптасуы мен дамуына үлес қосып келе жатқан еңбек ұжымына алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар аудан халқына ақжарма тілектерін арнап, мерейтойға орай ұйымдастырылған мерекелік кештің маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты кеште аудан өнерпаздарымен қатар эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы мен Қайрат Түнтеков өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Кешке жиналған аудан тұрғындары мен қонақтары өнерпаздардың өнерін тамашалап, жарқын көңіл күйде тарқасты.

«Өскен өңір» ақпарат
15 тамыз 2026 ж. 21 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31