Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЫБЫРАЙ ЖАҚАЕВ АУЫЛЫНДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

ЫБЫРАЙ ЖАҚАЕВ АУЫЛЫНДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Жақында Ыбырай Жақаев ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурыз шуағы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов қатысып, ауыл тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады және елдегі бірлік пен татулықтың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Шара барысында ауыл ақсақалдары мен ардагерлері дәстүр бойынша бата беріп, жас ұрпаққа ақжарма тілектерін жеткізді. Бұл Ұлыстың ұлы күніне тән тағылымы мол ұлттық дәстүрлердің бірі. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деген халық даналығына сәйкес, қариялар жаңа жылдың берекелі әрі табысты болуын тіледі. Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер тігіліп, қазақтың дәстүрлі «Алтыбақан» ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Ыбырай Жақаев ауылының «Асыл әжелер» ансамблі өнер көрсетіп, жас өнерпаздар би билеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

22 наурыз 2026 ж. 28 0