Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

ШИЕЛІДЕ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Кеше Шиелі ауданының орталық алаңында жаңа жылдық бас шыршаның шамын жағу салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құттықтау сөз сөйлеп, аудан жұртшылығын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы өз сөзінде өткен 2025 жылдың Шиелі ауданы үшін табысты болғанын атап өтті. Киелі Шиелі ауданы «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауында «Үлгілі аудан» атанып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында «Үздік аудан» номинациясын иеленгенін жеткізді.

Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша ауданның облыста алдыңғы орындарда тұрғанын айтып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады. Электр жүйесінің қосалқы станциясы жаңғыртылып, газдандыру жұмыстары нәтижесінде көгілдір отынмен қамту деңгейі 81 пайызға жеткенін, тұрғын үймен қамту және инфрақұрылым саласында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асқанын атап өтті.

Денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салаларында жаңа нысандар пайдалануға беріліп, аудан қарқынды құрылыс алаңына айналғанын жеткізді.

Сөз соңында аудан әкімі:
«Өтер жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Алдағы уақытта да ауқымды жоспарларымыз бар. Бірлесе еңбек етіп, ауданымызды одан әрі көркейте береміз. Жаңа жыл баршаңызға құт-береке, мол табыс әкелсін!» – деп тілек білдірді.

Салтанатты шарада аудан өнерпаздары мерекелік концерт ұсынып, кеш соңы отшашумен қорытындыланды.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
23 желтоқсан 2025 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031