Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілісте 2025 жылғы қаңтар–қараша айлары аралығындағы Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі қорытындылар қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жұмаділ Маратжан баяндама жасап, ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция тарту, шағын және орта бизнес салаларындағы жетістіктер мен шешімін күткен мәселелерге кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, бюджеттік түсімдер мен шығыстардың орындалу жайы талқыланды.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков өз сөзінде:
— Әлеуметтік-экономикалық даму – аудан халқының әл-ауқатының негізгі көрсеткіші. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде бақылауда ұстауымыз қажет. Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмаларын орындау мақсатында инвестициялық жобаларға қолдау көрсету, жұмыс орындарын арттыру, кіріс көздерін ұлғайту, бюджет қаржысын тиімді игеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлуіміз тиіс, — дей келе, аудан әкімі барлық жауапты сала басшысына аталған міндеттерді мерзімді түрде орындауды және олардың орындалу барысы туралы тұрақты есеп беруді тапсырды.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 желтоқсан 2025 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031