Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Аппарат мәжілісінің күн тәртібіне: «Аудандық бюджеттің игерімі және тоғыз айдың болжамы», «2024-2025 жылғы жылу маусымына дайындық барысы және коммуналдық қарыздарды өндіру мәселесі», «Жергілікті бюджет кірістерінің салық базасын ұлғайту», «Аудандағы қоғамдық саяси ахуал және әлеуметтік желіге талдау жұмыстары», «Референдум бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және орындаушылық тәртіп» мәселелері қойылды.
Алғашқы мәселе бойынша, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы Маратжан Асқарбекұлы баяндама жасап, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Республикалық және облыстық, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттардың сапалы әрі мерзімінде 100 пайызға игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Келесі мәселе бойынша, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Аманжолов баяндама жасап, жылу маусымына әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлердің дайындығы турасында баяндады. Аудан әкімі жауапты бөлім басшысына қатты отын тасымалдайтын мердігерлердің көмір бағасын қымбаттатып, сатуына жол бермеу бағытында жұмыс жасауды жүктеді.
Мұнан соң, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Еркеғали Абдрахманов өтелмеген көлік салығы есебінен салықтық түсімдерді арттыруға болатындығын айтып, көлік салығын төлемей отырған тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігіне тоқталды. Айтбай Насриддинұлы ұсынысты қолдап, қоғамдық даму бөлімі , мемлекеттік кірістер басқармасы, полиция бөлімі қызметкерлерінен арнайы топ құрып, жұмыс жасауды міндеттеді.
Сондай-ақ, мәжілісте қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев қоғамдық саяси ахуал бойынша, аудан әкімінің аппарат басшысы Ғалымжан Каримов «Референдум бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар», орындаушылық тәртіп тақырыптарында баяндама жасады.
Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен ауылдық округтердің әлеуметтік желілердегі белсенділігінің төмен екендігін жеткізіп, арнайы жасалған талдау бойынша нақты мәліметтер ұсынды.
Өз кезегінде аудан әкімі әлеуметтік желідегі белсенділік әрдайым бақылауда болатындығын айтып, бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне мәселе төңірегінде шұғыл жұмыс жасауда тапсырды.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
25 қыркүйек 2024 ж. 140 0