Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмат Алдабергеновтің қатысуымен өткен мәжіліс отырысында жылу беру маусымына әлеуметтік нысандардың дайындығы, қатты отын қорының уақытылы жеткізілуі, жылу қазандықтарының жағдайы сынды мәселелер көтерелді. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғалымжан Каримов тазалық тақырыбында баяндама жасап, қоқыстардың уақытылы шығарылуы, шабылған шөптердің жиналуы сынды мәселелер көтерді. Жиында мұнан бөлек, Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметіне жаңадан тағайындалған Райымбеков Ернұр Төребайұлы таныстырылды. Жылу беру маусымына дайындық барысы туралы баяндама жасаған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Сейілбекұлы әлеуметтік нысандардың жылу маусымына сақадай сай екендігін атап өтіп, азаматтардың электр жарығына қатысты қалыптасқан қарыздарын уақытылы өтеу керектігін айтып, ауылдық округ әкімдеріне тұрғындарға ескерту керектігіне тоқталды.  Сондай-ақ, көмір тасымалдаушы мердігердің қоймасына «Шұбаркөл» маркалы 1300 тонна көмір келгендігін, күн суытып кезектілік туындамай тұрғында көгілдір отын кіргізілмеген ауыл тұрғындарына осыны ескерту керектігін айтты.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
15 тамыз 2024 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031