Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ

Бүгін «Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында» «Қысқы жылыту маусымына дайындық барысы» туралы брифинг өтті. Брифингке аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Аман Дана мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ҚӨФ Шиелі аудандық Газ шаруашылық мекемесінің директоры Қашақов Серікжан Спандиярұлы, Шиелі ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімше басшысы Жайсанбаева Эльмира Қиямбекқызы, «Қазсушар» РМК «Арал» СЖКБД филиалының Жиделі топтық су құбыры өндірістік бөлімше басшысының орынбасары Шакиров Серікжан Торбайұлы қатысты.
«Шиелі ауданының жылу маусымына тұрмыстық-шаруашылыққа қажетті көмір отынының керекті көлемі 39 500 тоннаны құраса, Оның 13 500 тоннасы – әлеуметтік нысандарға, 26 000 тоннасы – тұрғындарға қажетті. Бүгінгі күні аудандағы отын базаларында 1500 тонна қатты отын қоры бар. Бүгінде ауданда көмір тапшылығы жоқ», - деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Аман.
Бүгінгі таңда кентте газбен жабдықтау жүйесіне қосылған абоненттер саны – 4707 болса, оның ішінде мекеме, мектептер мен балабақшалар саны – 175-ті құрап отыр, – деді «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ҚӨФ Шиелі аудандық Газ шаруашылық мекемесінің директоры Серікжан Қашақов. 
Сондай-ақ, Шиелі ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімше басшысы Э. Жайсанбаева, «Қазсушар» РМК «Арал» СЖКБД филиалының Жиделі топтық су құбыры өндірістік бөлімше басшысының орынбасары С. Шакиров жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады. 
Брифинг соңында БАҚ өкілдері өздеріне тиесілі сұрақтар қойып, оларға нақты жауаптар алды.




27 қыркүйек 2018 ж. 2 077 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930