Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САХНАДА – ӨНЕР, АЛАҢДА – МЕРЕКЕ

САХНАДА – ӨНЕР, АЛАҢДА – МЕРЕКЕ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара аудан жастарының басын қосып, өнер мен ізгілікті, құрмет пен тамаша көңіл-күйді тоғыстырды.
Мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов жастарды айтулы мерекемен құттықтап, олардың ел болашағын қалыптастырудағы маңызды рөліне тоқталды. Жастарды білім алып, өз қабілеттерін шыңдауға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға және туған жердің дамуына үлес қосуға шақырды.
Шарада ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі салаларда жетістіктерімен танылып жүрген бірқатар жасқа аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Мерекенің негізгі бөлігін аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама айшықтай түсті. Сахнадан әуелеген әсем ән, күмбірлеген күй мен өнерпаздардың өнері алаңға жиналған көпшілікке ерекше сезім сыйлады. Жастардың шат күлкісі мен көрерменнің ыстық ықыласы мерекелік кештің шырайын аша түсті.
Жастар күні – жай ғана мерекелік күн емес, елдің ертеңіне сенім артып, белсенді әрі талантты буынның еңбегін бағалайтын маңызды мереке. Шиелі жастарының әр саладағы жетістігі мен қоғамдық белсенділігі ауданның болашағына деген сенімді нығайта түседі.
Сахнадағы өнер мен алаңдағы мерекелік думан бір арнаға ұласқан бұл кеш жастарға айрықша әсер сыйлап, есте қаларлық сәттерге толы болды.

Айнұр ИБРАШЕВА
15 тамыз 2026 ж. 19 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31