Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар жылына жаңа серпін

Жастар жылына жаңа серпін


Елбасы тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттік маңызы бар құжатта жастардың рөліне, маңыздылығына, жастар саясатына аса мән беріп келеді. Қазақстандағы 18 млн. астам халықтың 40 пайыздан астамы 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды құрайды. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда біз өте жас, өсіп келе жатқан дамушы мемлекетпіз. Ал, аудандағы жалпы халықтың 25 пайызын жас­тар құрап отыр. Жастар саясатын дамытуда өңірде біршама игі істер атқарылуда.

Бұл қамқорлықтан әлеуметтік салалар әсте шет қалған жоқ. Білім, мәдениет, өнер, спортқа жасалған жағдай да жақсы. Соның айғағындай ауданда түрлі шаралар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, өткізілуде. Аудандық ішкі саясат бөлімі және жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен, мерекелік кеш өтті. Салтанатты кешті аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов ашып, мерекелік құттықтауын жеткізді. Содан кейін, шарада ауданның әлеуметтік-қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, жастар саясатының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар сала мамандарын аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов алғыс хатпен марапаттады.
Бүгінде мерейлі күнде тағлымды тәрбие беріп, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғастырып келе жатқан сала мамандарына сый-сияпат көрсетілді. Сөйтіп, жиынның келесі кезеңі салтанатты басқосудың мазмұнын одан әрі әрлеген «Халық банкі» АҚ Шиелі аудандық басқармасының басшысы Ә.Ергешбаевтың демеушілігімен бірқатар өмірге құштар жандарға сыйлық табысталды.
Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімі және «Жас­тар ресурстық орталығы» КММ-нің алғыс хаты аудандық жастар ұйымдары мен ерікті жастарға табысталды.
Осылайша, бұл күнгі шара өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясатының дамуына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, мадақталды.

Ж.Қауғанбаева.
26 қаңтар 2019 ж. 1 178 0