Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға артар сенім мол

Жастарға артар сенім мол


Елбасы 23-ші рет халыққа Жолдауын арнап отыр. Осыған дейінгі Елбасының қай Жолдауын алсақ та, жастарға қатысты жобалар мен бастамаларды ескеріп, жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл жолы да жастар мәселесі тағы да ескерусіз қалмады. Жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтіп, келер 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. Біз үшін бұл – үлкен мәртебе!
Себебі, бұл жолғы көтерілген мәселелер де Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың қарапайым өз ауласында спортпен шұғылдануынан бастап, қауіпсіздігіне дейінгі сұрақтарды қамтыды. «Табысыңның өскенін қаласаң, еңбекқор болуың қажет!» – деп, Елбасының дәйексөзін келтіргім келеді. Себебі, ұлт арасында еңбекқорлықты дәріптеу маңызды.
Елбасы тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттік маңызы бар құжатта жастардың рөлін, маңыздылығын, жастар саясатына аса мән беріп келеді. Қазақстандағы 18 млн. астам халықтың 40 пайыздан астамы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар құрайды. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда біз өте жас, өсіп келе жатқан дамушы мемлекетпіз. Ал, аудандағы жалпы халықтың 25 пайызын жастар құрап отыр. Жастар саясатын дамытуда өңірде біршама игі істер атқарылуда.
Жолдауда айтылған міндеттер мен мақсаттар халықтың әл-ауқатын арттырып, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етері сөзсіз. Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруға әрбір Қазақстан азаматы үлес қосуы қажет деп білемін. Себебі, бұл құжатта әрбір азаматтың мүддесі, жарқын болашағы көзделеді.

Біржан Өтебаев,
жастар ресурстық орталығының маманы.
10 қараша 2018 ж. 1 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930