Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға жігер сыйлаған Жолдау

Жастарға жігер сыйлаған Жолдау

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдау­ын жолдады. «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауды бастан аяқ тыңдадық. Көкейге көп нәрсе түйдік. Елбасы жас­тар мәселесін ешқашан бөлек қалдырған емес.­ Елдің келешегі, тәу­елсіздік тұт­қасын ары қарай ұстай­тын, Елбасы­ның ауқым­ды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын да жастар екені даусыз. Сондықтан да, Елбасы қашан да жастардың мәселесіне ерекше назар аударып, әрбір Жолдауында жастарға сенім білдіріп, үлкен серпін береді. Келер жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы – өңіріміздегі жас­тар сая­­сатына тағы да бір үлкен күш беретініне сеніп отырмыз. Біздің облыс жастарының потенциалы өте жоғары. Қазіргі таңда Елбасының алға қойып отырған мәселелерінің барлығын зерделеп, зерттеп, бірқатарын іске асыруды алдын бас­тап кеткенімізді айтқым келеді. Бүгінгі Жолдау жасап жатқан жұмысымызға, қазіргі іске асырып жатқан жобаларымызды дамытуға жол ашқандай.Осы жоба арқылы өңірлердегі еңбек өнімділігі арттырылып, түрлі бірлестіктер мен бастамалар жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ, халықтың көңіл-күйін айқындайтын негізгі салаларда түрлі шаралар өткізу қолға алынбақ. Ал, өз кезегінде бұл шаралар халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға зор септігін тигізбек. Осындай бастамалар мен жобалардың келер жылдан бастап қолға алынатындығын естіп, ерекше бір әсерге бөлендік. Себебі, бұл бастамалардың артында тікелей жастардың тұрғаны, одан қалды түрлі әлеуметтік топтың мүшелері қамтылатыны белгілі. Ал, жалпылай алғанда халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған бұл Жолдау әлеуметтік жағдайды жақсарта түсуге ықпал етеді. Жолдау біз секілді кіші буынға, қатарластарыма зор үміт сыйлады.

Айдана Маманова,
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ басшысы.
30 қазан 2018 ж. 1 116 0