Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау зор ықыласпен тыңдалды

Жолдау зор ықыласпен тыңдалды


Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арналатын дәстүрлі Жолдауы биыл 5 қазан жұма күні жарияланды. Тікелей эфирден көрсетілген Жолдауды, облыс, аудан, ауыл-аймақ халқы көрді. Жер-жерде, мекемелерде ұжымдық көрілімдер ұйымдастырылды. Бұл үрдістен Шиелі ауданы да тыс қалмады. Стратегиялық құжаттың басым бағыттарын арқау еткен Жолдауды Шиелі ауданының мемлекеттік қызметкерлері, депутаттар, ардагерлер мен басқа да үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам белсенділері аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылған онлайн режимдегі көрсетілімде бірге көрді.
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдауды тыңдаған аудан тұрғындары алдағы жылдың еншісіндегі соны жаңалықтар мен жетістіктерден хабардар болды.
Жолдау біткеннен кейін, аудан әкімі Ә.Оразбекұлы «Жолдау барлық салаларды қамтып жатыр. Осы тыңдалған Жолдауды, алдағы күндері аудан көлемінде үгіт насихат жүргізіп, оның бағыты бойынша жұмыстар атқаратын боламыз» – деп игі тілегін білдірді.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
06 қазан 2018 ж. 1 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930