Кеншілермен өткен келелі кездесу
Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Семізбай-U» бастауыш партия ұйымында кездесу өтті. Шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіруге бағытталды. Жиынға аудан әкімі Әшім Оразбекұлы, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Махамбет, аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов, «Семізбай-U» ЖШС-нің директоры МұхамеджанСалқынбаев, мекеме қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесудің алғысөзін алған аудан әкімі Әшім ОразбекұлыЖолдауға терең тоқталып, алға қойылған міндеттер жайында айтты.«Өздеріңізге белгілі Елбасы биылғы Жолдауын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында жариялаған болатын. Қазіргі кезде революциялық технологияның мүмкіндіктерін өздеріңіздің жұмыстарыңыздан көріп отырсыздар. Бұл барлық салаға келеді. Жақында қолдарыңыздағы смартфонмен барлық төлемдерді жасай алатын жағдайға жетесіздер. Бір түймені басу арқылы көптеген ісіңізді атқара бресіз. Міне, осы сандық жүйеге өту жайында Елбасы өзінің кезекті Жолдауында нақты міндеттер жүктеді. Жалпы, биылғы Жолдау бізідің алдымызға он міндетті қойып отыр. Бірінші, индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу керек деді Елбасы. Бүгінде «ҚазАтомпром» мекемесі сандық жүйеге өтіп жатыр. Өңірде индустрияландыруға байланысты үлкен жұмыстар жүруде. Кентіміздің күншығыс беткейінде индустриялды аймақ орналасқан. Сол жерде ірі алты жобаны жүзеге асырамыз деп отырмыз», –деген Ә.Оразбекұлы Жолдаудан туындаған міндеттерге жеке-жеке тоқталып, нақты мысалдармен атап өтті. Аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар барысы да назардан тыс қалмады. Өндіріс орындары, ауыл шаруашылығы саласы, әлеуметтік саланың дамуы, кәсіпкерлік оның ішінде шағын және орта бизнес, құрылып жатқан ауыл шаруашылығы кооператвтері, бой көтеріп мемлекеттік - жекешелік тапсырыс аясында бой көтеріп жатқан нысандар жайы, қаржы секторлары да тілге тиек етілді. Сонымен қатар, рухани жаңғыруға бет алған мәңгілік елдің рухани азығы да кемшін түспеуі керектігі, ұрпақ тәрбиесі, жасөспірімдердің еңбекпен айналысуын қадағалап, оң бағыт-бағдар нұсқалуы қажеттігі де баса айтылды.
«Елбасының ел алдына қойған жаңа мақсаттары замана көшінен тыс қалмай, әлемдік аренадағы айбынды дамуымызды әрі қарай жылдамдатуды көздейді. Жолдауда жүктелген тапсырмалар мен жоспарларды жүзеге асыру арқылы "Мәңгілік Ел" идеясында көзделген мақсаттарына қол жеткізуі тиіс. Бұл жолдау əрбір тұлғаны жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға жетелейді. "Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" – еліміздің жаңа белестерге көтерілуінің нақтылы бағдарламасы. Ел ішінде адами капитал сапасын арттыру арқылы руxани жаңғыруды жүзеге асыра отырып, цифрлық әлеуметтік-экономикалық дамуымызды күшейтсек, мемлекеттігіміз де нығая түсетіні анық. Саясаты сарабдал еліміздің келешегі кемел, болашағы баянды болмақ"–деп қорытындылады өз сөзін аудан басшысы Ә.Оразбекұлы.
Сондай-ақ, жиын барысында «Семізбай-U» ЖШС-нің бірқатар қызметкерлері Жолдауды қолдайтындықтарын білдіріп, бірқатарынан ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, аудан орталығына жақын ауылдарға газдың тартылу мүмкіндігі мен абаттануы, «Көкшоқы» мөлтек ауданындағы бірқатар көшелердің жөнделуі секілді мәселелер көтерілді. Газ мәселесіне қатысты аудан әкімінің сөзінен түйгеніміз, алдағы уақытта Н.Бекежанов, Бидайкөл, Алғабас, Жақаев ауылдары бойынша газандыру жұмыстары басталып, өзге ауылдар да күн тәртібінен түспейтіндігі, көшелердің жөндеу жұмыстары да қолға алынатындығы аян болды.
Дина ЖҮСІПОВА.