Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аралтұз» АҚ қызметкерлері Елбасы Жолдауын қолдайды.

«Аралтұз» АҚ қызметкерлері Елбасы Жолдауын қолдайды.


Қызылорда өңіріндегі «Аралтұз» АҚ қызметкерлері Елбасы Жолдауы мен қазақ тілінің латын графикасына көшу бағытындағы міндеттерді толық қолдайды.
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен латын әліпбиіне көшу мәселесін түсіндіру мақсатында «Аралтұз» АҚ қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу «Нұр Отан» партиясы «Жақсықылыш» бастауыш партия ұйымының базасында өтті. Жиынды «Аралтұз» АҚ вице-президенті Бауыржан Күшенбаев жүргізді.
Ол өз сөзінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген бағыттарға тоқталып, Елбасы Жолдауы жаңа жетістіктерге жетелейтін маңызды құжат екендігін жеткізді.       - Елбасы Жолдауында  аграрлық саясат- еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керектігін айтып отыр. Бұл бізді қуаттандырады.Себебі біздің кәсіпорын жылына 364 мың тонна тұз өндірсе, оның ішінде 300 мың тонна ас тұзын, 160 мың тонна техникалық тұз қайта өңдейді. Ал, 162 112 тонна тұз еліміздің барлық аймақтарына сонымен бірге Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасына экспортталады. Болашақта 450-500 мың тонна тұз өндіріп, 364 – 400 мың тонна ас тұзы мен техникалық тұз ретінде қайта өңдеуді жоспарлап отырмыз, - деді «Жақсықылыш» бастауыш партия ұйымының төрағасы.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі де кеңінен талқыланды. Кездесуге келген ақпараттық топ өкілдері уақыт сұранысы, заман талабынан туындаған шешімнің тіліміз үшін де, еліміз үшін де маңызы екенін жан-жақты түсіндірді. Бұл орайда 1200 адамды жұмыспен қамтып, шет елдерге экспортқа өнім шығарып отырған «Аралтұз» АҚ-ның ұжымы   Елбасының бұл шешімін зор куанышпен қуаттайтындықтарын жеткізді.
18 қаңтар 2018 ж. 1 388 0