Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғысқа толы мерекелік күн

Алғысқа толы мерекелік күн



1 наурыз – алғыс айту күні қоғамның бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Осыған орай, бүгін Достық үйінде облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысып, қызылордалықтарды айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық келісімді нығайтуға үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Шара барысында қонақтарға түрлі этнос өкілдерінің қолөнер бұйымдарынан жасалған көрме, кітап көрмесі ұсынылды.
Бұған қоса, шараға қатысушыларға ізгі ниеттерін білдіру үшін «Тілектер картасы» қойылды. Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
02 наурыз 2023 ж. 270 0