Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер әркез әдемі

Әйелдер әркез әдемі


Қазақ елінде әйелдер ең алдымен аяулы ана, сүйікті жар, кәсіби маман және лауазым иесі. Сондықтан да айтулы мереке қарсаңында абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі – елдігіміздің белгісі. Мереке қарсаңында ауылдық округтер өз ауылының бет-бейнесіне айналған нәзік жандыларды айтулы мерекемен құттықтады.
Тұран ауылдық округі әкімдігі мен Ш.Қодаманов атындағы ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ана – бақыт, ана – гүл» атты мерекелік шара өтті. Шараны Болат Тұрматұлы мерекелік құттықтаумен ашып, елді мекендегі әртүрлі сала қызметкерлері мен батыр аналарды, ардагер әжелерді алғыс хатпен марапаттады.
Керделі ауылдық округі әкім апараты және Н.Бекежанов атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Сарқылмайтын жылылық, ана аты ұлылық» атты мерекелік кеш аясында аналар арасында өнер сайысы өтті. Шара ауыл әкімі Ғалымжан Ыхановтың құттықтауымен басталып, «Шаттық» аспаптық ансамблінің концертімен жалғасты.
Ақмая ауылдық клубында Ақмая шаруа қожалығының демеушілігі және ауыл әкімінің қолдауымен «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты ақ жаулықты аналар мен түрлі саладағы арулармен кездесу кеші өтті. Кештің алғы сөзін ауыл әкімі Б.Жаңғалиұлы алып, аналарды мерейлі мерекемен құттықтап, қызметтегі бірқатар қыз-келіншектерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Д.Егембергенұлы Ақмая ауылындағы зейнеттегі барлық апа-әжелерге құрмет көрсетіп, сыйлықтар үлестірді. Кеш мерекелік концертке ұласты.
Бала би ауылдық мәдениет үйінде «Аналарға мың тағзым» атты мерекелік шара өтті. Шара шымылдығын ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Күләйхан Шәкенқызы ақ жарма тілекпен ашты. Ары қарай ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетсе, ауылдық кітапхана қызметкерлері кітап көрмесімен таныстырды. Ауылдағы мекемелердің қыз-келіншектеріне ауыл әкімінің алғыс хаты табыс­талды.

Ақбота МҰРАТҚЫЗЫ
09 наурыз 2021 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031