"ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН-ТӘУЕЛСІЗДІК"
12.12.2018 жыл. Бүгін Жөлек ауылында Жөлек ауылдық округі әкімінің келісімімен, Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, "Жөлек" ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ,рухани жаңғыру, Астананың 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Шиелі ауданының 90 жылдығы аясында "Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік" атты аудандық патриоттық ән байқауы болып өтті.Мерекелік шараны ауыл әкімі Б.Саховпен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы П.Отарбаев ашып беріп, сала қызметкерлері аудан және ауыл әкімдерінің мерекелік алғыс хаттарымен марапатталды. Ұлттық мереке- Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырған байқауға әр ауылдан келген Отан сүйгіш өнерпаздар, бейбітшілік, жер тұтастығын, ел бірлігін музыка әуенімен, әсем әндерімен насихаттап, елге ұғымды жеткізді.
Өз ісінің майталман мамандары, байқауға төрелік етіп келген әділ қазылар алқасының төрағасы, Аудандық әуез мектебінің директоры: А.Алтынбеков, Аудандық әуез мектебі директорының орынбасары, жыршы; Н.Ақтай, Аудандық әуез мектебінің ұстазы, әнші: Д.Беркінбаев. Б.Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы КМҚК әдістемелік бөлім меңгерушісі Г.Әбдімомыновалар әділ бағасын беріп 3-орынға Жаназар батыр ауылынан келген А.Ембергенов, 2-орынға Бәйгеқұм ауылынан келген; Ж.Исахан, 1-орынға Балаби ауылынан келген Е.Әлжанов. Бас жүлдеге Сұлутөбе ауылынан келген Қ.Базархан лайық деп тауып, қатысушы өнерпаздарды алғыс хаттармен марапаттады. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын ағайын...