Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік

Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік



Жөлек ауылында ауылдық округ әкімінің келісімімен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, "Жөлек" ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өнерпаздар байқау өтті. Аталған шара Елбасы Н.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Астананың 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Шиелі ауданының 90 жылдығы құрметіне арналды. "Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік" тақырыбын арқау еткен аудандық патриоттық ән байқауын ауыл әкімі Б.Сахов пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы П.Отарбаев ашып берді.
Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған кешке әр ауылдан келген өнерпаздар бейбітшілікті, жер тұтастығын, ел бірлігін музыка әуенімен, әсем әндерімен насихаттап, әнге қосты.
Өз ісінің майталман мамандары, байқауға төрелік етіп келген әділ қазылар алқасының төрағасы аудандық әуез мектебінің директоры А.Алтынбеков, Н.Ақтай, Д.Беркінбаев, Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдени-шығармашылық орталығы КМҚК әдістемелік бөлім меңгерушісі Г.Әбдімомынова әділ бағасын беріп, төрелік етті.

Қорытындысында,  3-орынға Жаназар батыр ауылынан келген А.Ембергенов, 2-орынға Бәйгеқұм ауылынан келген Ж.Исахан, 1-орынға Балаби ауылынан келген Е.Әлжанов ие болса, бас жүлдені Сұлутөбе ауылынан келген Қ.Базархан жеңіп алды. Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, құрмет төрінен көрінді. Сонымен қатар,
сала қызметкерлері аудан және ауыл әкімдерінің мерекелік алғыс хаттарына ие болды.
Дина ӘБІЛАСАН.
13 желтоқсан 2018 ж. 1 687 0