Көңілді кеш
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Шиелі ауданының 90 жылдығы, 30 тамыз конституция күніне орай Жиделіарық ауылында шара өтті. Мәдениет қызметкерлерінің арасында «көңілді старт» тақырыбында ұйымдастырылған эстафеталық сайыс өте тартысты болды.
Көңілді кеште «Бірлік», «Бейбарыс», «Жалын», «Қыран», «Мәдениет», «Ән мен сән» – деп аталған топтар өз өнерлерін паш етті. Сөз басын аудандық «мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы Исабек Байкенжеев пен ауыл әкімі Ерлан Әбілдашев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кешкі масаға қарамай қызықты кештің куәсі болып, өнерпаздардың делебесін қоздыруға ауыл тұрғындары түгелдей дерлік жиналды. Әрі қарай, әр топ өздерін таныстырып, түрлі-түрлі сындардан өтті. Қаппен секіріп, қасықпен су тасып, ән айтып келген халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сайыстың қызық болғаны соншалық ауыл түрғындары қазылардың соңғы сөзін тапжылмай күтті. Арнайы сайланған әділ қазылардың шешімімен Талғат Күзенбаев бастаған «Жалын» тобы I-орыныды, Сафуан Көрегенов бастаған «Ән мен сән» тобы II-орынды, Кенжебай Жүсіпов бастаған бірлігі жарасқан «Бірлік» тобы III-орынды жеңіп алды. Барлық қатысушы топтар медальдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ауыл тұрғындары шараны ұйымдастырған Жиделіарық ауылының клуб үйіне, арнайы клуб меңгерушісі Рахат Калкөзовке алғысын айтты. Алдағы уақытта талай-талай тартымды кештердің куәсі болсақ деген ойларымен бөлісті.
Бекжан ЕРЖІГІТ.