Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ескерткіш – елге аманат» атты іс шарасы өтті

«Ескерткіш – елге аманат» атты іс шарасы өтті


18 сәуір Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Н. Бекежановтың мемориалдық өнер музейінде «Ескерткіш – елге аманат » атты іс шарасы өтті. Іс шараға Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
И.Байкенжеев, бас маманы Ж. Отарбаева, әдіскер А.Әбілдаева және ауыл тұрғындары мен оқушылар қатысып, «Нартай сазы» фольклорлық ансамблінің өнерін тамашалады. «Нартай сазы» фольклорлық ансамблі Қорқыттың «Сарын», Н.Тілендиевтің «Әлқисса»күйлерін С.Байтерековтың шығармасы «Кішкентайды» орындады. Нартай музейінің ғылыми қызметкері М. Қалтайқызы Н.Бекежановтың мүсінін жасаған суретші Е. Биманов жайлы «Сырлы бояумен сусындатқан» тақырыбында лекция оқыса, қор сақтаушы Н.Нақыпов Шиелі ауданындағы кесенелер мен ескерткіштер жайлы мәліметті слайд арқылы көрсетті. Нартай ауылдық кітапхана қызметкерлері «Сырға тұнған Сыр топырағы» тақырыбында кітап көрмесін қойды.

Нартай Бекежанов Музейі.
18 сәуір 2018 ж. 2 550 0