Жүлделі жүйрік Нарекең...
Алыптар қашанда халық жадында. Олар жылдар өткен сайын асқақтай түседі. Қазақтың ақындық, әншілік тарихында Нартай Бекежановтың орны айрықша. Оның ақындығы, композиторлығы, әншілік өнері көзі тірісінде-ақ халық сүйіспеншілігіне бөленген. Ең алғашқы күрделі, көркем, терең мазмұнды айтыс өткізген де Нартай болған. Алматы қаласында соғысқа дейін Нұрлыбек ақынмен керемет айтысы, екі атақты алыптардың суырып салмалық таланттарының биік шыңына айналды.
Шиелілік ақын Нартай 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің тұңғыш өткен онкүндігінде өзінің «Толқын» әнін шырқайды. Құрамында жеті халық ақындары Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, Нартай, Орынбай, Нұрлыбек,
Доскейлер бар делегация мүшелері арасынан Нартайға қол соғып, мерейі үстем болғаны біздер үшін мақтаныш. Атақты ақын, композитор басқарған бригада Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Мәскеу қаласында әлденеше рет болып, қызықты концерттер қояды. Мәскеудегі бірінші онкүндікті ұлы Жамбыл ақынның ашқаны белгілі. Ал, 1949 жылғы қазақ әдебиеті мен өнерінің екінші онкүндігін ашу құрметі Нартайға бұйырады. Халық ақындары Шашубай мен Кенен жолдарын Нартайға берген. Үстіне жасыл масаты шапан, басына құндыз бөрік киген ақын қолына гармонын ұстап, жұртшылық алдына шығып аңыратып қоя береді. Нартай өлеңдерін алдын-ала жазып, жаттап алып отырған. Ол әрбір өлең-жырларын әртүрлі мақамдармен орындап отырған. Алуан түрлі иірімдермен айтылатын әуендерін, сазды үнін жұртшылық жылы қабылдап, құмарлана тыңдайды. Оның әндеріне адамның сусыны қанбай, жұтына беретіні де содан болар дейміз.
Өнер музейінде 26 наурыз күні Нартай Бекежановтың туған күніне арналған кеш болып, оған ауыл тұрғындары,
аудан өнер саласының майталмандары бас қосты. Кешті аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов ашып, дүлдүл-бұлбұл ақынның шығармашылығына кеңінен тоқталды. «Нартай әндері – шын мәнінде халық әндеріне айналып кеткен. Оның еліне жасаған еңбектері жоғары бағаланып, «Қазақ ССР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер» атағы беріліп, КСРО жазушылар одағының мүшелігіне қабылданады. Жезтаңдай әнші-ақын «Құрмет белгісі» орденімен наградталады. Оның атында Нартай ауылы, Нартай өнер мектебі, Нартай өнер музейі, Нартай атындағы көше, Алматы қаласындағы бір көше де Нартай аталады. Нартайдың биыл 128 жылдық мерейтойы. Нартай ақынның туған күні және наурыз мерекесімен құттықтай келе, Нартай ақынның өнері мәңгілікке ұмытылмайды», – деді. Кеште сондай-ақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы И.Байкенжеев, Ұлы Отан соғысының ардагері С.Байжанов, мәдениет саласының ардагері Ә.Ноғайбаев, ҚР Мәдениет қайраткері Ө.Исмаил, ауыл әкімі Ф.Ержановтар ақынға ақ тілектерін арнады. Кеш соңы Нартай әндері мен мәдениет бөлімі қызметкерлерінің шалқар әуендеріне ұласты. Нартай өнер музейі ұжымының ұйымдастырған құптарлық ісіне алғыстар айтылып, құран бағышталды. Бұл да наурыз нақыштарының бір сәті болып, тарих қойнауына еніп бара жатты.
«Өскен өңір» ақпарат.