Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейірманның ізбасарлары... немесе қазақ сатирасын ұлықтау

Мейірманның ізбасарлары... немесе қазақ сатирасын ұлықтау



Театр – өмір айнасы. Ел арасында болып жатқан өзекті мәселелерді өткір қойылымдарымен сахналайтын актерлердің шеберлігі басты назарда.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Шиелінің 90 жылдық мерейтойлары қарсаңында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып отырған «Мінекей, Мейірманның ізбасарлар» атты әзіл-сықақ отауларының республикалық байқауы аудандық мәдениет үйінде өтті. Шараны аудан әкімі Әшім Оразбекұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 53 өнерпаз қатысып, тоғыз командалық әзіл-сықақ отауы өнер көрсетті. Олар: Жамбыл облысынан «Күлкі шаңырағы», Батыс Қазақстан облысынан «Оян», Маңғыстау облысынан «Штат Бос­тон», Оңтүстік Қазақстаннан «Яссы», Арал ауданынан «Тамаша», Сырдария ауданынан «Оңаша», Қызылорда қаласынан «Мереке думан», Жаңақорған ауданы «Күлеміз бе, қайтеміз?», Шиелі ауданынан «Қытық» қатысып өзара байқауға түсті. Қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелер туралы скеч, интермедияны сахналап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, лайықты бағасына ие болды. Әзіл-сықақ
отаулары қазақ сатирасының көшін өрге сүйреп, дамыту мақсатында көш ілгерілеп келе жатыр.
Бұл өнер ұжымдары қоғамдағы келеңсіз жәйттерді әзілмен жеткізуде. Сондықтан болар көпшіліктің назарына ілінген, оқ бойы озық шыққан Жаңақорған ауданының өнерпаздары «Ата-ананың қадірі» атты интермедиясымен бас жүлдені жеңіп алды. Қатысушылар басқа да орындарға ие болып, алғыс хатпен марапатталды. Әзілмен көрсетілген дүниелерді, ел арасына насихаттауда әзіл-сықақ отауларының маңызы зор.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
22 мамыр 2018 ж. 1 900 0