БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Әбдіманап Шорабаевты еске алуға арналған бокстан 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында V республикалық турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы мен Ә.Шорабаевтың әпкесі Әтіркүл Шорабаева сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Үш күнге созылған турнирге облысымыздың барлық аудандарынан және Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 250 жас спортшылар қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша 42 келі салмақта І орынды ақтөбелік Арал Базарбай, ІІ орынды оңтүстік қазақстан облысынан Рахат Ибадулла, ІІІ орынды шығыс қазақстан облысынан Қуандық Шарипханов пен қызылордалық Бекзат Әбдібек иеленді.
44 келі салмақта І орынды шиелілік Нұрдос Еркін, ІІ орынды қызылордалық Рамазан Ғаниұлы, ІІІ орынды тараздық Нұрсұлтан Шаймұрат пен ақтөбелік Азамат Рухолин;
46 келі салмақта І орынды ақтөбелік Алмат Қайыржанов, ІІ орынды қызылордалық Данияр Санатбаев, ІІІ орынды қызылордалық Рамазан Ақжүніс пен арыс қаласынан Дарын Ташмаханбет;
48 келі салмақта І орынды шиелілік Нұртілеу Ғазизұлы, ІІ орынды қызылордалық Ерсұлтан Бексұлтанов, ІІІ орынды батыс қазақстан облысынан Әлижан Қадырханов пен тараздық Алмаз Дүйсенқұл;
50 келі салмақта І орынды шиелілік Жандос Молдақара, ІІ орынды шығыс қазақстан облысынан Сайран Сағындық, ІІІ орынды оңтүстік қазақстан облысынан Мерей Жұмаділда мен оңтүстік қазақстан облысынан Асылбек Найзабек;
52 келі салмақта І орынды тараздық Ғазиз Қани, ІІ орынды қызылордалық Димаш Батыршаев, ІІІ орынды шығыс қазақстан облысынан Темірлан Оралбеков пен қарағандылық Мағжан Жұмабаев;
54 келі салмақта І орынды қызылордалық Нұрсұлтан Алтынбек, ІІ орынды ақтөбелік Қазыбек Есенғазы, ІІІ орынды оңтүстік қазақстан облысынан Бекзат Сәмен мен шығыс қазақстан облысынан Дидар Болатбеков;
57 келі салмақта І орынды қызылордалық Диас Әуезхан, ІІ орынды қызылордалық Жақсылық Басаров, ІІІ орынды атыраулық Мұстахин Бекқалиев пен қызылордалық Хақназар Әлтай;
60 келі салмақта І орынды қызылордалық Рахымжан Шанжархан, ІІ орынды түркістандық Мирас Жұманғазы, ІІІ орынды шығыс қазақстан облысынан Тимур Серікұлы мен алматылық Сағит Сағатов қанжығаларына байлады.
63 келі салмақта І орынды қызылордалық Азамат Жеткерген, ІІ орынды қызылордалық Ерасыл Жаңабай, ІІІ орынды атыраулық Сұлтанбек Темірболат пен оңтүстік қазақстан облысынан Нұрбол Сайлаубаев;
66 келі салмақта І орынды алматылық Алмат Сойырқас, ІІ орынды шығыс қазақстан облысынан Аян Сабыржанов, ІІІ орынды оңтүстік қазақстан облысынан Дәулет Қожатаев пен түркістандық Ғалымжан Сатыбалды;
70 келі салмақта І орынды өскемендік Нұрым Сабетұлы, ІІ орынды қарағандылық Ислам Қабыкенов, ІІІ орынды оңтүстік қазақстан облысынан Еркебұлан Амирғазиев пен Жылкелді Қалжан;
75 келі салмақта І орынды қызылордалық Айдар Серікбол, ІІ орынды қызылордалық Жүсіп Алданышов, ІІІ орынды қызылордалық Дамир Амир мен Шыңғысхан Абибекұлы;
80 келі салмақта І орынды өскемендік Ақтілек Нұрахметов, ІІ орынды алматылық Алдияр Қалиев, ІІІ орынды оңтүстік қазақстан облысынан Ұлан Килибаев пен қызылордалық Айдос Жұмабек;
80 келі салмақта І орынды оңтүстік қазақстан облысынан Жасұлан Оразгелді, ІІ орынды атыраулық Исламбек Мұратов, ІІІ орынды қызылордалық Байдаулет Мукашев пен оңтүстік қазақстан облысынан Абдулла Сайфулла жеңіп алды.
Турнирдің ең үздік боксшысы Жандос Молдақара атанды. Осылайша республикалық турнир өз мәресіне жетіп, жеңіс тұғырына көтерілген жеңімпаздарға медальдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарын табыстады.
Аудандық Ішкі Саясат бөлімі