Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыз сыны байқауы өткізілді

«Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыз сыны байқауы өткізілді


Жуырда Ы.Жақаев ауылдық мәдениет үйінде Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Шиелі ауданының 90 жылдығы мерейтойы қарсаңында «Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыз сыны байқауы өткізілді. Байқауға ауданымыздың 6 ауылдық округінен келген арулар өнер көрсетті. Қыздарға төрт кезеңнен тұратын– таныстыру, өз өнерін көрсету, сынақ және дефиле сайыс ұсынылды. Сайысқа қатысушы қыздар өздерінің шығармашылығынан - би, вокал, өлең оқу, музыка аспаптарында ойнау сияқты қабілеттіліктерін көрсетті. Жарыс қортындысы бойынша бас жүлде Еңбекші ауылынан келген ару Өскенбай Сымбатқа бұйырды. 
I-орын Әбдіғани Зейнеп – Жансейіт ауылы 
II-орын Жұмаханқызы Гүлжайна – Қарғалы ауылы 
II-орын Жолдасбек Ақбота – Бестам а/о
III-орын Сағынова Гүлсезім- Ы.Жақаев ауылы 
III-орын Іргебай Нұрайым-Бидайкөл ауылы
Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.
21 қараша 2018 ж. 4 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930