Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қариялар қашанда қазыналы

Қариялар қашанда қазыналы

Сейсенбі күні халықаралық қарттар күніне орай Бидайкөл ауылдық мәдениет үйінде «Қазыналы қарттарым» атты мерекелік шара өтті.Ауыл әкімдігі ұйымдастырған шараға ардақты аталар мен ақ жаулықты әжелер қатысты. Мерекелік жиында ауыл әкімі Айтбай Жандарбеков сөз сөйлеп, ардагерлерді айтулы күнмен құттықтады. Содан кейін ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Жүндібаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлмекен Назарбекова жүрекжарды лебізін білдірді.
Құттықтау сөзден кейін аудан өнерпаздары Г.Әуесова, Г.Әбілова және №148 мектептің әуез пәнінің мұғалімі С.Нұрбекова, ауыл мәдениет үйінің қызметкері Е.Тоқмырза әннен шашу шашты. Сахнада сән құрған әншілердің арқасында қариялар құлақ құрышын қандырып, бір марқаяп қалды.
Мерекелік концертте ғұмырын ғанибетке толтырып, өмірін өнегемен сүрген қарияларға ауыл жастары және әкімдік сый-сияпат тарту етті. Сондай-ақ салт-дәстүр бойынша ардагерлердің иығына шапан жапты. Шара соңында елді мекен тұрғыны К.Рахатов, батыр аналар М.Қуатбаева мен Қ.Мұхтаровалар алғыс айтып, өз құттықтауларын жеткізді.

Оразбек ЖҰМАДІЛҰЛЫ,
ардагер-ұстаз

05 қазан 2019 ж. 1 814 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930