Келбеті көркем, ай жүзі әсем
Әсем қала Астананың мерейтойына орай еліміздің барлық аймақтарында мерекелік кештер өткізілуде. Соның бірі 6-шілде Астана қаласының 20 жылдығына орай Бидайкөл ауылдық мәдениет үйінде өткізілген іс-шара. Аталмыш шараны Гигант ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы З.Шакиева ашып, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ауыл ардагері Ә.Бектегенұлы мен әйелдер кеңесінің төрайымы Ұ.Назарбекова лебіздерін білдірді.
Бидайкөлдегі шара велошерумен басталып, футбол сайысымен жалғасын тапты. Ауыл жастары арасындағы спорттық ойындардан велошеруге – 25 адам қатысса, футбол ойынына Астанамен бірге 20 жасқа толып отырған жалынды жастар қатысты. Жігіттер арасында 4 команда құрылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды. Атап айтар болсақ, велошеру жеңімпазы – 30000 тг, II орынға – 15000 тг, ІІІ орынға – 5000 тг ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Барлық қатысушылшар құр қайтпай әрбіріне 1000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлықтары да табысталды.
Сонымен қатар, Бидайкөл елді мекеніндегі 80-90 жас аралығындағы қария даналарымызда құрметке ие болып, А.Қараева, А.Ерубаева, Х.Мұхтарова, А.Қоянбаева, А.Әлібаева, М.Жұмабаев, А.Сейділдаев, К.Құлымбетқызы, З.Ташоваларға шапан жабылды. Кеш соңы ақын Кенжебай Жүсіптің арнау өлеңіне ұласып, концерттік бағдарлама жалғасын тапты.
Серікбай Жүндібаев,
Бидайкөл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.