Береке бастауы – бірлік, ел іші тату – тірлік
1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланғанына 2 жылдың жүзі ғана болды. Дегенмен, бұл дата тағдыр тәлкегімен елімізге жер аударылған түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бірігіп атап өтетін сүйікті мерекесіне айналды. Өйткені, халқымыз қиын-қыстау кезеңде олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай, бірге көтере білді.
Шиелі ауданы көп ұлт өкілдері жиі қоныстанған өлкелердің бірі. Тату-тәтті тіршілігімен, береке-бірлігімен әр ауылдың көркейіп, гүлденуіне үлестерін де қосып келеді. Барлығы бір атаның баласындай бір шаңырақ астында аталмыш мерекені көңілді өткізуге тырысады. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып, барлық ауылдық округтерде алғыс айту мерекесі тойланды. Алғашқы болып мерекені 2600-ден астам тұрғыны бар, оның ішінде 133 өзге ұлт өкілі мекен ететін Ақмая ауылы бастады. Аталмыш шараны одан әрі Бидайкөл ауылы жалғап, «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Сондай-ақ, Керделі ауылы да «Ел іші, өнер кеніші» тақырыбында іс-шара өткізіп, елге ыстық ықыласы мен шексіз алғысын білдірді.
Алғыс айту күнінде тәуелсіз елдің азат ұрпағы ретінде Елбасы мен ата-баба рухына да рақмет айтып, әр ұлттың өкілдері жүрек жарды лебіздерін жеткізді. Жиылған жұрт әсем ән мен түрлі биді тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.