Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Тұғыры биік – Тәуелсіздік

Тұғыры биік – Тәуелсіздік

Алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов жалынды жастарды жігерлендіріп, бойларына қуат, көңілдеріне шуақ беріп қанаттандыратын сөздерін айтып, оларды елінің патриоты болуға шақырды. Сонымен қатар, ауданымыздың тумасы, республикаға белгілі ақын Мейірбек Сұлтанхан өзінің өлең шумақтарын да арнады.
Қасиетті шаңырақ астында 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Осыған дәлел ретінде ауданымыздың тұрғыны, белсенді жас, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Татьяна Нуштаева жүрекжарды лебізін білдірді. Ол: «Осы қасиетті елде, Шиелі мекенінде туылып өскеніне дән ризамын» – деді. Сонымен қатар, қазақ жігітіне тұр­мысқа шығып, екі қыздың анасы атанғанын мақтанышпен жеткізді.
Республикалық «Жас Барыс» тур­нирінің төрт дүркін жеңімпазы, қазақ күресінен республикалық жастар чемпионы Бекжан Төлепов жастарға арнап, ойсалар сөздерін айтты.
Сондай-ақ, шара барысында аудан жастарының бокс, дзюдо, күрес, таэквондодан музыкалық спорттық көрініс көрсетілді. Ал, ауданымыздың мәдениет саласында қызмет ететін өнер иелері патриоттық әндерден шашу шашты.

Ерұлан ДАТКЕНОВ.
---
20 желтоқсан 2017 ж. 1 181 0