Қарттарым – қазыналы тарихым
Ботабай ауылдық клуб үйінде «Қарттар – тарих, қарттар – қазына» атты мерекелік кеш өтті. Аталмыш шараны клуб үйі қызметкерлері мен №228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектеп бірлесе отырып ұйымдастырды.
Ақ жаулығын ардақтап, ақылы дария қарияларын төрге шығарған мерекелік шараны ауыл әкімі Ғ.Сейітов ашып, ақ тілегін білдіріп, үлкендердің ақ батасын алды. Одан әрі ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Махамбетов, ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Исмайлова, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Р.Қожахметова, ардагер ұстаздар Р.Көшкінбаева, С.Рысдәулетова, А.Ерсайынова және ауылдың ата-әжелері сөз сөйлеп, мерекенің шырайын кіргізді. Ұрпаққа үлгі боларлық өсиет айтып, ғибратты әңгімеге жалғанған кеште арамыздан мәңгілік сапарға аттанған қарттар жайлы бейнебаянды да тамашалады. Сонымен қатар, «Айбек» балабақшасының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетіп, көпке қуаныш сыйлады.
Г.ДҮЙСЕБАЙ.