Асқақтай бер Астана
Бұрнағы күні ел жүрегі Астана қаласына 20 жыл толуына орай, Ақтоған ауылдық клубы ауласында «Асқақтай бер Астана» атты ауыл жастары мен өнерпаздарының мерекелік шарасы өтті. Аталмыш шараны ауыл әкімі Ержан Ахметов ашып, Астана қаласының 20 жылда жеткен жетістіктері жайлы сөз етті.
Одан әрі сөз тізгінін алған Ш.Досымова Астана қаласындағы бүгінде зәулім ғимараттар мен көптеген тарихи және мәдени орындар, тарихи тұлғалардың ескерткіштері жайында әңгіме қаузады. Еліміздің 20 жылда жеткен жетістіктері мен алдағы алар асуы көп екені мәлім. Астананың әсем шырайын, сан қырлы кереметін ән мен жырға қосқан ауыл өнерпаздарының салтанатты шарасы клуб маманы Э.Мәлібекованың «Арайлы Астана», Ж.Ибишованың «Астана», Б.Жомартова, М.Икрамованың «Арман қала Астана» әнімен жалғасын тапты. Одан әрі Г.Үрмаханова «Астана», Н.Мәлібекова «Туған ел», А.Мақсұтханқызы «Қазақ елі осындай», Ә.Әубәкір «Тәуелсіз қазақ қызымын», Д.Ерікұлы «Мен қазақпын», Е.Өтегенов «Қазағым-ай» әндерін орындап, көрермендер қошеметіне ие болды. Ауыл жастары мен тұрғындары арасында көңілді ойындар ұйымдастырылып, жас ақындар жүрек жарды өлеңдерін оқыды. Жеңімпаздарға клуб ұжымы арнайы сыйлықтар табыстап, кеш соңы «Қазақ биі» және «Флешмоб» биіне ұласты. Кешкілік алау от жағылып жастар, керемет көңіл-күймен тарқады.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.