Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарыарқаның төрінен қоныс тепкен

Сарыарқаның төрінен қоныс тепкен


Астана – еліміздің күш-қуатын әлемге танытқан қасиетті орда болды. Астана күні – елдігімізді ұлықтайтын ерекше мерекеге айналды. Тәуелсіз Қазақстан – бүгінде іргесі берік, экономикасы қуатты, саяси жүйесі сараланған, ынтымағы жарасқан елге айналды. еліміздің мәртебесі мен беделі Елбасымен тікелей байланысты десек қателеспейміз.
Жалпы, Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Бұлай дейтініміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды. Тәрбиелік тұрғысы жайлы толғасақ, Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы жаңа елордамызды әспеттеп, ұлықтау арқылы біздер еліміздің келешегі – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңірудеміз.
Шиелі аудандық архивінде Астана күніне орай «Асқақтай бер, Астана» тақырыбында орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Әлемге нұрын шашқан Астана» тақырыбында мақала жарияланып, «Еңселі Елорда асқақтаған Астана» тақырыбында мектеп оқушыларының қатысуымен сабақ өткізілді.

Назира Төлешова,
аудандық архивтің қор сақтаушысы.
10 шілде 2018 ж. 1 067 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (9324)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031