Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Осы жылдан бастап Үкімет қаулысымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып белгіленді. Себебі, 5 қыркүйек – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 
Бүгінгі Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне байланысты өткізілген «Тіл татулық тірегі» атты облыстық тілдер фестивалі Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығымен қатар келді. 
Мерекелік шара аясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысушыларды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, аймақта тілдерді дамыту бағытында атқарған жұмыстары үшін бірқатар тіл жанашырларын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. 
Фестиваль концерттік бағдарламамен жалғасып, этномәдени бірлестіктер өздерінің ән-би өнерлерін қазақ және өз ана тілдерінде орындады.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі ФБ парақшасынан
06 қыркүйек 2018 ж. 6 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031