Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық мүгедектер күні аталып өтті

Халықаралық мүгедектер күні аталып өтті

А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Халықаралық мүгедектер күніне арналған салтанатты шара өтті. Шараға аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов қатысты. Мерекелік шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолымен дайындалған көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, халықаралық мүгедектер күніне орай белсенділігімен ерекшеленген мүмкіндігі шектеулі жандар мен ұжымдар облыс әкімінің «Алғыс хатымен » марапатталды.

1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай 3 желтоқсан – Мүгедектер күні болып жарияланды. Аталмыш мереке өңірімізде биыл VI мәрте ұйымдастырылып отыр. Бүгінде облыс бойынша 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Биыл ерекше жандарға әзірленген жеке оңалту бағдарламаларының орындалуына бюджеттен барлығы 943,8 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық.

04 желтоқсан 2019 ж. 2 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031