ТӨРІҢНЕН ҚАРТЫҢ КЕТПЕСІН
«Қарты бар ел – қазыналы ел» деп қарттарымызды қазынаға балаған халықпыз. Салтына берік, аманатына адал, дәстүрін дәріптеген әрбіріміз дария көңіл, тау мүсін қарттарымызбен, ақ жаулықты аналарымызбен мақтанамыз. Қазақ қоғамында үлкеннің батасын алмай, байлам жасалып, іс басталмайтынын баршамыз білеміз. Тәуелсіздік алғаннан бастап Шиелі ауданы да жылдан-жылға дамып, халықтың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Халықтың бірлігі, ел қазынасын еселеу, әлеуметтік – экономикалық даму бағытындағы жұмыстар Мемлекет басшысының белгілеп берген нақты міндеттері аясында жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар, аудандағы атқарылған әрбір игілікті іс пен жаңалықтың, жаңарудың куәсі – өздеріңіз. Өткен жылы «Ардагерлер туралы» Заң қабылданып, ардагерлердің статусы айқындалды.
Қазіргі таңда, аудан бойынша 8 211 ардагер болса, оларды біріктіретін аудандық, ауылдық ардагерлер кеңесі, аудандық, ауылдық әйелдер кеңесі, ауылдық қауымдастық өкілдігі, аудандық аналар кеңесі, аудандық қоғамдық кеңестер жұмыс жасайды. Қарттарымызды қадір тұтып, ардақтау мақсатында жыл басынан бері көптеген спорттық турнирлер (шахмат, бильярд) ұйымдастырлып келеді. Соның жалғасы ретінде cейсенбі күні Бәйгеқұм ауылдық округінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Төріңнен қартың кетпесін» атты аудандық ардагерлердің семинарын айтуымызға болады.
Қазіргі таңда, аудан бойынша 8 211 ардагер болса, оларды біріктіретін аудандық, ауылдық ардагерлер кеңесі, аудандық, ауылдық әйелдер кеңесі, ауылдық қауымдастық өкілдігі, аудандық аналар кеңесі, аудандық қоғамдық кеңестер жұмыс жасайды. Қарттарымызды қадір тұтып, ардақтау мақсатында жыл басынан бері көптеген спорттық турнирлер (шахмат, бильярд) ұйымдастырлып келеді. Соның жалғасы ретінде cейсенбі күні Бәйгеқұм ауылдық округінде аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Төріңнен қартың кетпесін» атты аудандық ардагерлердің семинарын айтуымызға болады.
Семинарға келер болсақ, оған аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, ауданға қарасты барлық ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағалары, аудандық билер кеңесінің мүшесі Т.Баймағамбетов, Бәйгеқұм ауылдық округі әкімі Д.Абжапаров, Бәйгеқұм ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы З.Мұхамедова, зиялы қауым өкілдері мен 22 ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.
Алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары А. Есмаханов «Қай заманда болмасын қарттарымыз біздің ақылшымыз, кеңесшіміз болмақ. Басымыздан қандай қиын күндер туындаса да біз алдымен сіздерден ақыл сұрап, сіздердің даналықтарыңызға мұқтаж болып қала бермекпіз. Сондықтан сіздерге деген құрмет ешқашан төмендемейді. Ардагерлерге арналған осындай семинарды дәстүрлі түрде тоқсан сайын өзге де ауылдарда өткізуіміз тиіс деп есептеймін», – деді.
Екінші болып сөз алған Бәйгеқұм ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрайымы З.Мұхамедова болса, «Ауылдың ардагерлері кәсіпкерлердің басын қосып, көптеген отбасыларға көмек беруде. Сондай-ақ, ауылда орын алған кез-келген мәселелердің оң шешімін тауып, түйіткілдің түйінін тарқатуда олардың көмегі мол. Сондықтан ауылдың қарттарына менің айтар алғысым да, құрметім де шексіз. Менен бұрын осы қызметті абыроймен атқарған марқұм Мұсахан Дүйсенұлының да ауылдың гүлденуіне қосқан үлесі зор еді. Сол кісінің ізін жалғап, елге көмегім тисе арманым жоқ», – деді
Кеш барысында Бәйгеқұм ауылдық округінде түрлі салаларда көптеген жылдар бойы қызмет еткен Уәділ Ділдабеков, Асанхан Қалтаев сынды ел ағалары мен Клавдия Рухлина атты ауыл тұрғыны марапатталды. Мұнымен қоса, «Ақ әжем алтын қазынам» ансамблі мен ауыл өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, келген қонақтардың көңілін бір серпілтті. Сондай-ақ, семинарға жиылған көпшілік көптеген жылдар бойы Бәйгеқұм ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін абыроймен атқарған ақсақал Мұсахан Дүйсенұлын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Рамазан ӘНӘПИЯ