Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең
Қазақ халқы үлкенге құрмет көрсетуді тәрбиенің негізі деп біліп, ақсақалдың керек-жарағын әзірлеп, оның қызметіне жарап, батасын алуды ерекше құрмет тұтқаны белгілі. Бұл бізге қанмен келген қасиет десек, артық айтқандығымыз емес. Иә, «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген. Тәуелсіз еліміздің осыншалықты дамып, әлем елдері арасынан өзінің орнын белгілеп, дамыған 50 елдің қатарына енуіне кешегі өткен бабаларымыз бен бүгін де елдің ортасында жүрген алдыңғы буын ағаларымыздың еңбектері еселі. Осынау елдің тыныштығы мен тұтастығының, бірлігі мен берекесінің сақталуына ардагерлеріміз өз үлестерін қоса береді деп сенеміз.
Аптаның екінші күнінде Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде аудандық ардагерлер кеңесінің атқарған және алдағы атқаратын жұмыстары туралы жиын болды. Кездесуге аудан әкімі Ә.Оразбекұлы, мәслихат хатшысы Б.Сыздық, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет,
аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер кеңесінің құрамы, дербес бөлім, мекеме, құқық қорғау органдардың басшылары, қауымдастық кеңесінің төрағалары, аудандағы бастауыш ардагерлер ұйымдарының мүшелері, кент және ауылдық округ әкімдері, өңірдегі барлық мешіт имамдары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Аудан әкім Ә.Оразбекұлының төрағалығымен өткен отырыста, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оразымбетов мінбеге көтеріліп, бүгінде өзектілігі алдыңғы орында тұрған бірнеше мәселеге тоқталды. Әсіресе, аудан тойларындағы дарақылық пен өлген адамға арнап берілетін астағы асыра ысырапшылдық мәселесін тереңінен талқылады. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің осы уақыт аралығында ел ішінде атқарған жұмыстар легін де атап өтті. Жиналғандар баяндамашының сөзінен аудан ардагерлер кеңесінің жүйелі жұмыс жасап отырғанына көз жеткізіп, түрлі жобалар аясында шаралар ұйымдастырып жатқанына қанық болды.
Осыдан кейін, тұғырға көтерілген аудан басшысы «Сіздердің әрқайсысыңызды қалай құрметтесек те, қалай мақтасақ та, қалай марапаттасақ та жарасады. Өйткені, сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз ұрпаққа үлгі боларлықтай жол. Ұлтымыздың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпында, салт-дәстүрінде үлкенді құрметтеу, үлкенді сыйлау, үлкенге төрден орын беру, игілікті істерді бастарда, сапарға шығарда үлкеннен бата алып алу ең асыл қасиеттеріміздің бірі болған. Құдайға шүкір сол дәстүр әлі де адамгершілік қасиеттеріміздің алтын арқауындай жалғасып келеді.
«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген қазақтың нақыл сөзі бар. Яғни, қарттардың әрбір айтқан өнегелі сөзі, тағылымды іс әрекеті, елінің, туған жерінің өсіп өркендеуіне арнаған өлшеусіз еңбегі, бір сөзбен айтқанда әрбір ардагердің бүкіл болмысы тұнып тұрған тарих. Олай болса, соңғы жылдары жақсы жолға қойылып, жүйелі жұмыс жасап келе жатқан аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысы кешегі күн мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғастырып отырған жасампаздықтың жарқын үлгісі деп айтуға әбден лайық» – деп, өз ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, жыл басынан бері атқарылған ауқымды жұмыстардың бірсыпырасына тоқталып, алдағы жос-парларымен бөлісті.
Ерұлан Даткенов.
Суретті түсірген
Бақытжан БӘЙІМБЕТ.