ӘЗ НАУРЫЗ КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТІЛУДЕ...
Наурыз – бірлік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың тойы. Қазақ елі бұл жылға мол табыстармен, зор өрлеумен жетіп отыр.
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ә.Оразбекұлының қатысуымен «Ақтоған» Бастауыш партия ұйымы Ақтоған ауылдық округінде ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі кеңінен аталып өтілді.
Шараға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Ә. Оразбекұлы, филиал төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов «Ақтоған» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ө.Әбдікәрімов, Аудан ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Шара барысында Ардагерлер ардақталып, 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Ел ағаларына және Халық қалаулыларына 7 бүлдіршіннің тұсауын кестірді.