Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттар – елдің қазынасы

Қарттар – елдің қазынасы


Қарты бар ел – қазыналы ел. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуі мен мәдени-рухани дамуына аға буын өкілдерінің де қосқан үлесі орасан зор. Ауылында ақсақалы мен ақжаулықты қарты болса, соның ақылы мен сөзіне тоқтап, өзінен үлкенді құрмет тұту – ұлтымыздың ұлы қасиеті. Ардагердің өнегесі мен өмірлік тәжірибесінен жеке тұлғалық адами қасиеттерінен сабақ алу бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына саналады.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады деген сөз. Ардагерлер арасында аудандық ардагерлер үйінде дойбыдан жарыс өтті. Оған жалпы 10 ардагер қатысып, зейнетке шыққан ардагерлер бір-бірімен әзілдесіп, марқайып қалды. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша Болат Күлімбетов I орынды иеленсе, Ахмат Құдайбергенов II орынды жеңіп алды. Ал III орын Сағындық Сұлтанов бұйырды. Жарыс қорытындысында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.
Сонымен қатар шара барысында ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағалары мен төрайымдары қатысып, алдағы жоспарларымен бөлісіп, атқарылған жұмыстарын баяндады.

Ж.ҚАУҒАНБАЕВА
02 шілде 2019 ж. 1 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031