Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Жұма күні аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен кітапхананың Коворкинг «Самғау» орталығында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында шара өтті.
Шарада №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Өмірбаева мен Т.Бекзақтың жетекшілігімен мектеп-лицейдің 7-10 сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты пікірталас өткізілді. Іс-шараны аудандық кітапхананың директоры Г.Жақыпова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Пікірталас «Туған жер» көрінісімен ашылып, «Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру» атты бейнеролик қойылды. Сонымен қатар, пікір таласқа қатысушылар «Ұлт Көшбасшысы» мақаласындағы «құндылық», «ұлттық құндылық», «рухани құндылық» және «патриот», «патриотизм» ұғымдары туралы өз ойларын ортаға салды. Мектеп оқушылардың жан-жақты екендігін білімдерінен аңғарғандай болдық. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсеткен. Иә, өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының басты кепілі.
Ж.Нұрғалиева.