ДОЙБЫДАН ДАРА ОЗҒАНДАР
Қарты бар ел – қазыналы ел. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуі мен мәдени-рухани дамуына аға буын өкілдерінің де қосқан үлесі орасан зор. Ауылында ақсақалы мен ақжаулықты қарты болса, соның ақылы мен сөзіне тоқтап, өзінен үлкенді құрмет тұту ұлтымыздың ұлы қасиеті. Ардагерлердің өнегесі мен өмірлік тәжірибесінен жеке тұлғалық адами қасиеттерінен сабақ алу бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына саналады.
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады деген.
Аталған мақаланың негізінде Шиелі аудандық әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жоба аясында ардагерлер арасында аудандық мәдениет үйінде дойбыдан жарыс болып өтті.
Оған жалпы 30-ға жуық ардагер қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов сөз сөйлеп, аудандағы ардагерлерге жасалып жатқан жағдай мен көрсетілген көмектерге жан-жақты тоқталды.
– Көптен бері зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді бір-бірімен жете таныстыру, жақын араластыру ойымызда жүрген-ді. Соның сәті бүгін түскендей, жарыстарыңызға сәттілік тілейміз, – деді Б.Әбдулхайысұлы.
Ардагерлер арасындағы жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс нәтижесі бойынша Сейітқасым Дәрібаев бірінші, Мәлік Маханов екінші, Мұрат Әбдиев үшінші орынды иеленді. «Жақсы ойын өрнегі» номинациясымен Құдайберген Жұмабеков, «Қарт дойбышы» номинациясымен Қуандық Тоқсейітов, «Жас дойбышы» номинациясымен Ізімхан Шойбеков марапатталса, 4 ойыншы Тілеубек Бабасов, Ахмат Бердімұратов, Серік Нұрбеков, Сағындық Сұлтанға ынталандыру сыйлығы берілді. Жарыс қорытындысында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.
Айнұр НАЗАРОВА.