Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Қ.Көшербаев аппарат мәжілісінің 2018 жылғы 26 ақпандағы хаттамасына сәйкес, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында, дәстүрді насихаттау мақсатында өтілетін мереке күндерін атап өту жайлы Талаптан, Бәйгеқұм ауылдық округтерінен сайланған мәслихат депутаты Мейрамхан Дүйсенов халықпен кездесті.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Рухани жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызды бүлкілдетіп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлету мақсатында шұғылалы көктемнің жаймашуағында келіп жеткен мерекелеріміз «Алғыс айту күні», «Әз – Наурыз» мерекелері аясында өткізілген кездесуде халық қалаулысы Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, мәслихат депутаты рухани жаңғыру аясында Наурыз айындағы дәстүрлі мерекелер жайлы насихаттап, халыққа өзінің ізгі тілегін жолдады.
Елбасы «Жалпақ жұртыңды құрметтеу туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деп айтқандай еліміздің бүгіні мен болашағын зерделеу уақыт талабы. Елбасының Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауы елімізді баянды болашаққа бастайтын темірқазығына айналды. Күн сайын қарыштап келе жатқан жаһандану дәуірінде әлем елдерінің көшінен қалмай, дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуге талпыныс жасаудамыз. Соның ішінде жетінші міндетте білім берудің жаңа сатысы адами капитал екені айтылған. Заман талабына сәйкес кәсіптік техникалық білім беруді жетілдіру арқылы жастарға өнеркәсіптік саласына қажетті мамандықты игеруге мүмкіндік беру үкіметтің басты міндеті деп көрсетілген. Бұның өзі жастарға болашақта өз жолдарын табуға мүмкіндік беретін игі бастама. Осы орайда, Шиелі индустриалды – аграрлық колледж директорының оқу тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақтияр Дайрақұлов Бәйгеқұм және Балаби ауыл халқына колледждің өткені мен бүгіні және келешегі жайында айтты. Кездесу соңында ауыл халқы концерттік бағдарламаны тамашалады.
«Өскен өңір» ақпарат.
18 наурыз 2018 ж. 1 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930