Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ана. Еңбек. Кәсіп

Ана. Еңбек. Кәсіп

Аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, аудандық Әйелдер қанатының жетекшісі Мадина Бәкірова, "Жастар рухы" жастар қанатының бөлімше басшысы Азамат Қали және белсенді жастар "Тамаша Шиелі - Шұжық" ЖШС-нің басшысы Патима Маханбетпен кездесіп, жұмысымен танысты.

Шұжық цехы 2005 жылы құрылып жұмыс жасап келеді. Өндіріс толықтай заманауи жабдықпен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында 10 адам тұрақты жұмыс жасап, бір күнде шұжықтың 12 түрінен 300 кг дейін өнім шығарылады.Тағам өнімдері халал стандарттарына сәйкес келеді, яғни мал сою цехы да халал талаптарына сай жұмыс істейді. Өнімдері тек Шиелі ауданында ғана емес, облыс орталығында, сонымен қатар әлеуметтік дүкендерде сатылады.

Кездесуде Әйелдер қанатының жетекшісі Мадина Бәкірова: "Әйел адамның кәсіп ашуы – бүгінгі қоғамда өзекті әрі қуатталатын құбылыс. Қазіргі таңда әйелдер тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар білікті кәсіпкер, басшы бола алатынын дәлелдеп отыр" - деді. Мемлекеттік деңгейде әйелдердің кәсіпкерлігін қолдауға арналған түрлі бағдарламалар жүзеге асып келеді. Кәсіпті бастау үшін төмен пайызды несиелер мен гранттар беру, қолөнер, тігін, тағам, сұлулық саласына арналған оқыту курстарды ұйымдастыру сияқты қолдаулар бар.

24 қыркүйек 2025 ж. 813 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 58

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031