ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖЕМІСІ
Малдың амандығы – елдің әл-ауқатының кепілі. Сондықтан ветеринар мамандарының күнделікті еңбегі мемлекет қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі саналады. Мал бағуды негізгі кәсіп еткен халқымыз «Малы саудың – жаны сау» деген қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырған. Ал сол малдың саулығына кепілдік беретін бірден-бір сала – ветеринария.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларында ветеринария саласын жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп келеді. Ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту, материалдық-техникалық базаны жаңарту, цифрландыруды дамыту және мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Соның нәтижесінде соңғы жылдары саланы қаржыландыру көлемі артып, қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өсуде.
Осы бағытта аудандық ветеринариялық станциясының жоспары ауқымды, жұмысы қарқынды жүргізіліп келеді. Олар ауданның барлық елді мекенінде тәулік бойы халыққа сапалы ветеринариялық қызмет көрсетуде. Мамандардың негізгі міндеті – жануарлар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және халықтың санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта жоспарға сәйкес профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар толық көлемде орындалуда.
Бүгінде, аудан бойынша ірі қара 85 864, ұсақ мал 129 584, жылқы 29 294, түйе 1 840 басты құрап отыр. Эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы АШМ-гі бекіткен тізімге сәйкес 2026 жылы республикалық бюджеттен бөлінген аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы жұмыстар жүргізілген. Атап айтар болсақ, құтыру ауруына ит 950, жабайы ет қоректілер 850, сібір жарасы ауруына ІҚМ 40 350 бас, ұсақ мал 39 600 бас, жылқы 11 500 бас, түйе 900 бас, аусыл ауруына ІҚМ 85 600 бас, ұсақ мал 165 800 бас, шошқа 50 бас, лептоспироз ауруына ІҚМ 10 000 бас, Оба ауруына уақ мал 15 000 бас, эхинококкоз ауруына ит 950 бас, күл ауруына ұсақ мал 90 000 бас, қарасан ауруына ІҚМ 20800 бас, нодулярлы дерматит ауруына ІҚМ 49 000 бас, инфекционный ринотрахейт ауруына ІҚМ 6 000 басқа вакцинациялау жұмысы атқарылған. Сондай-ақ облыстық бюджеттен бөлінген энзоотиялық аурулар бойынша сақау ауруына жылқы 12 500 бас, гастрофилез ауруына қарсы жылқы 5 000 бас, пироплазмоз ауруына ІҚМ 17 000 басқа екпелер егілген.
– Біздің басты міндетіміз – аудандағы эпизоотиялық тұрақтылықты сақтап отыру және аса қауіпті экзоотикалық ауруларды болдырмау. Экзоотикалық аурулар деп шет мемлекеттерден келетін ауруларды айтады. Қазіргі кезде тағам өнімдерін қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат. Конституцияның өзінде адам өмірі бірінші орында тұрады. Сондықтан да күнделікті көже-қатығымызға пайдаланып отырған өнімдер – ет, ет өнімдері, сүт, сүт өнімдері, балық, балық өнімдері, бал өнімдері ветеринариялық қызметтің тікелей бақылауы мен қадағалауында, – дейді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Бекжан Әнтайұлы.
Оның айтуынша Шиелі ауданындағы эпизоотиялық ахуал тұрақты, әрі алдын алу шаралары жүйелі жүзеге асуда.
– Ауыл шаруашылығы жануарларының диагностикасы бойынша Сарып (бруцеллез) ауруына қан сынамаларының үлгілері ІҚМ 69490 бас, ұсақ мал – 100370бас, түйе 955 бас, ет қоректілер 240 бас, шошқа 7 бас жоспарға сәйкес аудандық ветеринариялық зертханасында зерттеліп 1 бас МІҚ, 1 бас уақ мал Сарып ауруына «оң нәтиже» көрсетіп санитариялық талапқа сәйкес жойылды.
Сонымен қатар эндо-экто паразиттерге қарсы препараттар (ивен, ивермектин, т.б) мал иелерінің есебінениелігіндегі ауыл шаруашылығы жануарларына алдын ала егу жұмыстары және тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда ауданымызда ауыл шаруашылық жануарларының аса қауіпіті аурулары бойынша өлім – жітім тіркелген жоқ. Эпизоотиялық ахуал тұрақты, – дейді бөлім басшысы.
Иә, ветеринария қызметінің орасан зор маңызға ие болатынының тағы бір себебі, адам ауруларының 70-80 пайызы мал және одан алынған өнімдерден беріледі. Ауру малдың еті мен сүтінен, жүні мен терісінен, тікелей қарым-қатынаста болған адамдар түрлі жұқпалы және паразитарлы ауруға ұшырайды. «Ауру – астан» дейді қазақ. Сондықтан қолға үйретілген барлық жануарлар мен құстар түрлі аурулардан таза болса, өнімдер сапалы болып ғана қоймай, адам денсаулығына да айтарлықтай қауіп төндірмейді. Біз бүгін аталған бөлімнің берген мәліметіне қарап, сала мамандарының өздеріне жүктелген міндеттерін сапалы атқарып келе жатқанына көз жеткіздік. Салада оң өзгеріс бар екенін білдік.
Мейіржан Ибрагимов







