Бармақ басты, көз қысты
Жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық білім саласын меңдеп барады. Лауазымды тұлғалардың қызметін асыра сілтеуі, пара алуы өзекті мәселе, осал тұсқа айналып тұр. «Мәке», «Сәкеге» басқандардың дені мектеп директорлары, ал кадр мәселесінде білім бөлімінің былықтарына тап болуыңыз ғажап емес. Бармақ басты, көз қысты әрекетке салып, апа-көкелерін қызметке тартуға тосқауыл қоятын кез келгелі қашан. Шиелі ауданындағы білім саласын сыбайлас жемқорлық торлап тұр деген жағымсыз жаңалықтар да белең алғаны бар. Өзекке түскен құрттай қоғамның осал тұсына айналған сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу қиынға соғып тұр. Бұл туралы, 5-маусым күні, аудандық мәдениет үйінде Шиелі ауданының білім саласы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары бағытындағы кездесуде сөз қозғалды.
Аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Жағыпбаров жүргізген шарада осы тақырып кеңінен талқыланды. Аудан көлемінде білім саласынан 2017 жылы 10 қылмыс тіркелсе, биылғы жылдың І тоқсанында 4 қылмыс тіркеліп, өзге аудандардың алдына шығып тұрғанымызды да жасырмады. Тек бізді емес облысты алаңдатқан бұл мәселе төңірегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметі істері департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы А.Мұхимов та баяндама жасап, біршама статистиканы алға тартты. Одан әрі сыбайлас жемқорлық әрекетіне барған
лауазымды тұлғалардың құрықталғаны, жасаған қылмыстарына өкініш білдіретіні жайлы бейнероликтер көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, Қызылорда облыстық мәслихат депутаты, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова жиын барысында мұғалімдерге жасалатын әділетсіздіктер жайын да тілге тиек етті. Сөз соңын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Жағыпбаров айтылған жайлардың ескерілетінін және сыбайлас жемқорлықпен күрес үздіксіз жүретін жеткізді.
Түйіткілді нәрсенің түйіні сандық жүйеге енгенде толық шешімін табады деп қорытындылады жиынды. Себебі, «Цифрлы Қазақстан» интернет арқылы әп-сәтте кез-келген мәселені көріп-білуге мүмкіндік туғызады. Сонда, бармақ басты, көз қысты әрекеттен тыйылатын боламыз. Барлық жүйе электронды түрде бақылауда болатынын назарға алсақ, оң өзгерістің ауылы жақындағанын аңғаруға болады.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ.